Студенттік өмір
01.09.12 года
Өмірдің бейбіт бағы гүл,
Асудан асып асқарлы.
Мінеки, достар, тағы бір
Жана оқу жылы басталды
1 қыркүйек тек Білім күні ғана емес, сонымен қатар жылдың ерекше күндерімен, бірнеше мерекелермен байланысты. Бұл жыл негізгі тарихи 2 оқиғамен байланысты: мемлекеттік рәміздердің қабылданғанына 20 жыл толуы, мемлекетіміздің өркендеуіне және биылғы Лондондағы болған кезекті Олимпиада ойындарының өткізілуі. Осы ерекше күнге арналған салтанатты жиын колледжімізде 1 қыркүйек күні өткізілді.
Топтарда сынып сағаты: «Қазақстанның әлеуметтік жаңаруына 20 қадам» тақырыбында өткізілді.
Қазақстан хылқының тілі күніне арналған жыл сайынғы тіл апталығы 17.09.12 – 24.09.12 күн аралығында өткізілді. Іс шараның мақсаты тіл саясатын, халықтың интеллектуалдық мәдениетін дамыту.
Қалалық Оралхан Бөкеевтің оқуларына арналған сайыста 3 орын алған Исабаева Арайлым
Өзге ұлт өкілдері арасында ұйымдастырылған Абай оқуларына Романчук Екатерина және Ахметова Евгения қатысты. Романчук К. жүлделі 3 орынға ие болды.
Жалпы қалалық тазалық сенбілігіне қатысқандардың барлығына алғыс білдіріледі.
5-қазан күні колледжімізде мұғалімдер күніне арналған концерт болды. Оқушылар мұғалімдерге арнап жұлдызнама түріндегі керемет құттықтау дайындады. Концерт достық жылы деңгейде өтті. Мұғалімдер оқушылардың құттықтауларына разы болып, оқушыларға алғыстарын білдірді.
17 қазан Рухани келісім күніне орай, дәстүрлі діни бірлестік өкілдері шақырылды. Топтарда «Діни экстремизм деген не?» деген тақырыпта әңгіме жүргізілді.
19 қазанда бірінші курс студенттерінің көптен күткен , – студенттер күні өтті.Түлектерге бірінші қысқы сессиядан кейін студент боласың деп айтқанымен, – өзіңді «марапаттау кезінде студентпін деп сезінесің».Бірінші курс студенттері әр түрлі би түрлері бойынша вокалдық шеберліктерін көрсете білді.Көрермендер керемет әсер алып, көтеріңкі көңіл-күйде болды.
Бірінші орын алғандарды құттықтаймыз:
Антикоррупциялық плакат бойынша сайыстың жеңіпаздары
18 қарашада өткен студенттер күніне арналған шараға колледж атынан қатысқадар: Камбаров А. және Исабаева А., Маукишев Ж. және Балжан. Біздің қатысушыларымыз жоғары деңгейде өнер көрсетіп,ең жарасымды жұптар деп танылып көрермен көзайымы номинациясына ие болды.
«Құқықтану» мамандығында оқитын екінші курс оқушылары
Мауен Манат, Макимов Дияс, Оспанов Айзар, Хамзина Ажар, Абдыкиясова Рахима, Игошина Ольга қоғамдық құқық қорғау бағыты бойынша қоғамдық орындарда, көшелерде құқықты сақтау үшін өз еріктерімен мүше болуға тіркелді.
ВТ-41б тобының оқушысы Маненова Альмира 2012 жылдың ең үздік студенті аталынып, Екібастұз әкімінің қолынан табысталған грамота және жүлдеге ие болды.Альмира бір жылдың ішінде өзін көрсете білді.Барлық қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып, оқуын үздік оқумен қатар ғылыми жобаларға қатысып жүлделі орындарға ие болды.
15.12.12ж. коллледжде Қазақстанның тәуелсіздік күніне арналған шара өтті.
- Колледж қызметкерлерінің балаларына арналған таңғы қарсы алу өтті. Балаларға жаңа жылдық ертегіден қойылым ұсынылды.