«Қазақстанның болашағы қазақ тілінде» жобасының шеңберінде өткен дөңгелек үстел.

«Қазақстанның болашағы қазақ тілінде» жобасының шеңберінде өткен дөңгелек үстел.

«Қазақстанның болашығы қазақ тілінде» жобасының шеңберінде 2011-2020 жылдары Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту және жүзеге асырудың Мемлекеттік бағдарламасын орындау бойынша 2014-2016 жылдары іс-шараларды жүзеге асыру мақсатында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Павлодар облысында 2015 жылдың 26 қазанынан 2 қарашасы күндері дөңгелек үстел ұйымдастырды. Дөңгелек үстел Екібастұз гуманитарлық-техникалық колледжінде өтті.

Жұмыс тобын құрастырғандар Қазақстан халық Ассамблиясының сараптау кеңесінің мүшесі, қоғам қайраткері Көшім Д.Қ., Павлодар облысының тілдерді дамыту Басқарамасы батығының орынбасары Османова С.Ғ., «Мәдниет және тілдерді дамыту бөлімі» басшысы Жұмабаева Айжан Хамзақызы, жазушы және қоғам қайраткері Қоғабай Жұмағали Бижанұлы.

Дөңгелек үстелге колледждің орыс тілді студенттері қатысты. Дөңгелек үстелдің мақсаты: Орыс тілді жастарға мемлекеттік тілдің қаншалықты қажет екенін түсіндіру. Олардың мемлекеттік тілге деген көз-қарастарын дұрыс бағыттап, мемлекеттік тілді меңгерудің бүгінгі қаншалықты маңызды екенін түсіндіріп, тілге деген қызығушылықтарын ояту.

круглый стол фото1 круглый стол фото2

Дөңгелек үстелде студенттер арасында үлкен қызу тартыс болды, мемлекеттік тілдің қаншалықты қажет екені, оны меңгермеуге не себеп болып жатқаны талқыланды. Отбасындағы ата-аналардың тілді үйренулеріне қандай ықпалдары бар екені сөз болды.

Дөңгелек үстелде 2-курс студенттері өз пікірлерін білідіп, сұрақтарын қойып, үлкен мәлімет алды.

Колледж студенттері дөңгелек үстелден үлкен әсер алды. Өздерін мазалап жүрген сұрақтарына жауап алды деген сенімдеміз. Дөңгелек үстел ашық түрде өтті.

круглый стол фото3 круглый стол фото4

Дөңгелек үстелдің жабылуында, колледжіміздің студенті Малиновская Наталья қазақ тіліде ән орындады.