Кітапхана

Кітапхана

Библиотека ЕГТК1Кітапхана-колледждің құрылымдық жүйесінде маңызды рөл атқарады және ақпараттандыру орталығы болып саналады. Кітапхананың негізгі міндеті оқу процесін  ақпаратпен қамтамасыз ету.Сондай-ақ  жалпыбілім беру және арнайы  пәндер әдебиеттерімен  толық қамту.
Профильдік оқу бөлімін қоса алғанда  бүгінгі  күнде кітап қорының данасы 17750 кітап,оның ішінде 3527 данасы мемлекеттік тілде,284 электрондық оқулық.
Кітапхана қоры тек қана арнайы мамандықтар әдебиетімен ғана емес  ,жан-жақты білім беретін оқулықтармен  де толықтырылған.Сонымен қатар қоғамдық-саяси көркем әдебиеттермен  қамтамасыз етілген .
Кітапхана қорының видео-аудео касета,оқылатын пәндер бойынша электронды оқулықтар бар.
Жыл сайын 11 түрлі атаулы  баспаларға  жазылу жүргізіледі,оның ішінде  4 атаулы  баспа мемлекеттік тілде.Оқытушыларға арналып жазылатын баспалар «Творческая педагогика», «Профессионал Казахстана»,»Завуч»,»Педагогический альманаж»,»Внеклассная работа в школе».
Кітапхана әр оқу жылының басында оқырмандарды қайта тіркеудеден өткізеді.
Сондай-ақ  Кітапханаға  деген көзқарасты  қызықтыру  мақсатында бірінші курстарға арналған іс-шаралар өткізіліп  отырылады.
Кітапхана туралы оның құрылымы , кітап  қорының  ресурсы ,қолдану ережесі  туралы  арнайы кеңес беру өткізіліп  отырады.Осы санаттағы  оқырмандарға  осындай  арнайы  ескерту тақтасы  жасалған «кітапті  қалай оқу керек «»конспектіні қалай құру керек «.
Осындай  іс-шаралар  өздігінен  кітаппен  жұмыс істей білуге көмектеседі .
Кітапхана уақыт талабына сай белсенділік көрсетуде,бізге әр-түрлі сұрақтар  бойынша  келгендерге уақытылы нақты жауап беруге тырысамыз.Колледжде болатын әр түрлі іс-шаралардың басым көпшілігіне кітапхана белсенді қатысып,отырады.Оның ішінде кітап көрмелері ,сұхбат алу,қойылым ұйымдастырылып отырады.
Кітапхананың негізгі бағыттағы жұмысының бірі  өз  елімізге деген  патриоттық  сезімді нығайту.Оқу залында мынадай көрмелер  ұйымдастырылып отырылады «Менің отаным Қазақстан» , мұнда еліміздің жоспарлары  және тапсырмалары  жөніндегі материалдар  ішкі және сыртқы  саясаты,елімізде болып жатқан  әр түрлі жағдайлар  жайлы көрсетілген.
Оқушыларға  оқуға  көмек ретінде арнайы  көрме тізімі  құрылған  «Бұл нәрсені еске сақта»,»Жақсы істер туралы»,»Қазақстан-туған өлкем «,»Жаңа кітаптар»,»Туған жердің таланттары» -мамандар күні :»Дизайнер-шығармашылық мамандық «»Программист-заманауи қоғамдық мамандық» «ақпарат күні»,»оқудағы көмек»,»жаңа кітаптар».
Кітапхананы безендіру мемлекеттік және орыс тілінде жүргізіледі.Мерейтой  иелеріне арналған  кітап көрмелері,қойылымдар ,іс-шаралар ұйымдастырылып отырылады. Осы іс-шаралардың мақсаты кітапқа деген құрмет көрсету ,оқыту ,тұлғалардың тарихқа  қосқан үлесін  сезіну,өз елінің мәдениетін білу,өз отанына деген мақтанышты корсете білу.
Мұның бәрі колледж  қабырғасында оқып жүрген оқушыларымыздың өздігінен оқуына,мәдениетті  түрде ақпарат алуына ,болашақта мықты маман болуына үлкен үлесін қосады.