Іс-шара 2012-2013

1 қыркүйек күні әр топта мына тақырыпта сынып сағаттары өткізілді: Қазақстанның әлеуметтік модернизациясы- қоғамдық жалпы еңбекке 20 қадам.
Мемлекеттік нышандарымыз туралы заңның қабылданғаны, Лондон олимпиадасында  еліміздің намымысын қорғап, тәуелсіздігімізді бар әлемге паш еткен олимпиада жеңіпаздарына арналған салтанатты жиын өткізілді.
13 қыркүйек күні мемлекеттік нышандар тақырыбында  білімдерін бақылау мақсатында старосталар арасында викторина өткізілді.
4қазанда бірінші курстар арасында «Байқаңыр космодромынан космосқа алғашқы ракетаның жіберілуіне 55 жыл» тақырыбында дәріс беру ұйымдастырылды.
11  қазанда колледжді бітіретін топтар түлектері арасында президенттің Қазақстан халқына жолдауының насихатталуына  15 жыл толуына байланысты семинар өткізілді (Қазақстан-2030)
Қазан айында ұлттық валютамыз теңге күніне арналған ИС-31 және ИC-32б топтарының арасында «Теңге-ҚР ұлттық валютасы және ұлттық валютаның тарихын білу деңгейі» атты эрудиттер турнирі өткізілді.
19қараша мен 29 қараша аралығында колледждің барлық топтарында «Қазақстанның даму жолындағы Қазақстан Республикасының алғашқы президентінің рөлі» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
Дамып ке ле жатқан Қазақстанның даму жолындағы түрлі белестерден, қандай қиын кезеңдерден өткендігі және Қазақстан Республикасы тәуелсіздігік алғанына  20 жыл ішінде мемлекет басшысының атқарған ерен еңбегі жайлы кеңінен айтылып өтті. Осы аралықта колледж кітапханасында  «Елін сүйген елбасы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.Көрмеде алғашқы президенттің өмір жолы, тәуелсізік алған жылдар, ішкі және сыртқы аренадағы ішкі және халықаралық саясаттағы Қазақстанның жетістіктері, жаңашыл тарихтағы ұлттар лидері ҚР алғашқы президентінің орасан рөлі жайында кеңінен баяндалды.
26 қарашада саяси мағлұмат беру уақытында «Қазақстанның бірінші президенті» атты әр топта кинобағдарлама көрсетілді.
19 қарашадан 29 қараша аралығында колледж оқушылары арсында: «Президент- Конституция кепілі» тақырыбында шығарма сайысы жарияланды.
29 қарашада заң пәндерінің оқытушылары Касенова С.К. және Евстифеев В.Н. «Тәуелсіз мемлекет негізі» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды.

14  желтоқсанда тарих пәнінің жетекшілігімен бірінші, екінші курстар үшін Қазақстанның даму тарихы жайында тарихи  экскурссия ұйымдастырылды.

15 желтоқсанда ҚР тәуелсіздігіне арналған Салтанатты жиын өткізілді.

ҚР тәуелсіздігіне арналған әр топта сынып сағаттары өтті:
Қазақстанның астанасын Ақмола қаласына көшірілгеніне  15 жыл «Қазақстан – болашақ көпірі»
«Қиын кезеңнің іздері» (қазақтың біртуар ақын, жазушылары Ж.Аймауытов және М. Жұмабаев жайлы)