Неделя языков 2017-2018

Екібастұз гуманитарлық-техникалық колледжінде 2017-2018 оқу жылында

Тілдер айлығының шеңберінде өткен тілдер апталығы бойынша

ЕСЕП

Екібастұз гуманитарлық-техникалық колледжінде «Тілдер айлығының» шеңберінде қыркүйек айының 19-шы жұлдызында «Дизайн» мамандығының студенттерінің арасында «Менің азаматтық ұстанымым» атты сайыс өтті. Сайыстың мақсаты оқушлардың тақырып бойынша азаматтық көз-қарастарын қағаз бетіне түсіріп, өзінің ішкі танымын ашу. Сайысты ұйымдастырған қазақ тілі мұғалімі Қарлығаш Жұмабекқызы, «Дизайн» мамандығының аға оқытушысы Ольга Юрьевна. Сайысқа колледжіміздің 1-4 курс студенттері қатысты. Сайысқа қатысқан студенттер үлкен белсенділіктерімен, қызығушылықтарын танытты.

Сайысқа қатысқан оқушалр өз ойларын, азаматтық ұстанымдарын әр қилы етіп қағаз бетіне түсірген, бұл әрине олардың суретшілік шеберліктері мен қатар танымдық қабілеттерін де танытады. Мәселен, Гилева Эвелина өзінің плакатында қазіргі қоғамды толғандырып жүрген жайыттарға халықтың би жайлығы суреттелген. Бұл студенттің қоғамдық жағдайларға немқұрайлымы қарамайтындығын көрсетеді. Сол сияқты Ешенгазина Меруерт, Мустафина Мадина, Тагаева Александрада өз азаматтық ұстанымдарын плакаттары арқылы көрсете алды.

Сайыстың қорытындысы бойынша 1-ші орынға Гилева Э., Тагаева А., тағайындалса, екінші орынды Ешенгазина Меруерт пен Булемисова Асем қанағат тұтса, үшінші орын 1-ші курс студенті Попова Любовь пен Мустафина Мадинаға бұйырды. Студенттер дипломмен марапатталды.

Колледжімізде қыркүйек айының 22 жұлдызында тілдер мерекесі аталып өтті. Мерекелік шараның мақсаты: оқушылардың тілді құрметтеуге, өзге ұлттың мәдениетін сыйлауға, оларды танып білуге тәрбиелеу; толерантты тұлға қалыптастыру, қазақ, орыс, ағылшын тілдерін мегеруге қызығушылықтарын арттыру; Қазақстан аумағында тұратын өзге ұлттардың салт-дәстүрін, біліп, тану; оқушылардың әртістік, шығармашылық, интеллектуалдық қабілеттерін дамыту; оқушылардың бос уақытын қызықты өткізулеріне қолдау көрсету;

Мерекелік концерт үш тілде жүргізілді. Концерттің салтанатты ашылуы ҚР әнұранымен басталды. Әрі қарай Жакаманов Нұрсұлтан Батырхан Шөкеевтің «Отан Ана» әнімен концертімізді жалғастырды. Колледж студенттері ерекше әсерге бөленіп, әннің құдыреттілігіне қол соғып ықыластырын білідіп жатты. Сонымен қатар, концертке қатысқан 1-2 курс студенттері қазақ, орыс, ағылышын тілдерін тіл туралы өлеңдерін оқыды. 1-курс студенті Молдыбай Ажара өзінің ана тілінде тамаша мәнермен «Дүниенің ең сұлу тілі, ол менің ғажап тілім …» деп үлкен тебіреніспен оқыды. Сол сияқты, ағылшын тілінде Воробьев Роман тіл туралы тақпағын үлкен мәнермен оқып шықты. Житарь Ангелина «Самый лучший язык!» өлеңін оқу арқылы өзінің туған тіліне деген сүйіспеншлігін білдіргендей болды. «Құқықтану» мамандығын студенті Таскен Ерболат Сағынғали Сейітовтың «Қазақ тілі» өлеңін шабыттанып оқыды. Қалған қатысушыларда өлең оқудағы шеберліктерін танытты.

Концерттің жалғасы корей тіліндегі «Чо-сон» әнімен жалғасын тапты. Біздің республикамызда тұрып жатқан корей ұлтының өнерімен, олардың тілдерінің ерекшілігімен, құлаққа жағымды әндерімен отырған студенттер құлақтарының құрышын қандырды.

Сонымен қатар, 1-курс студенттері концертті қазақ биімен жалғастырды. Мың бұралып билеген Иванова Ксения қазақ биінің ерекшелігін, бидегі қимылдармен би құдыретін танытты. Отырған қауым үлкен қошеметпен қарсы алып, шығарып салды.

Биден кейін ағылышын тіліндегі жастар әнін өз нақышында Нұрсұлтан орындап шықты. Ағылшын тіліндегі әнге студенттер де қосылып, зал үлкен әсер алды. Сонымен қатар, 1-курс студенті Ардакова Айсана «Алматының, түндері-ай!» әнін екі тілде орындап шықты.

Мерекелік концертіміз қытай халқының «Жалын» биімен жалғасын тапты.

Колледж студенттері мерекелік шарадан үлкен әсер алып, әр тілдің қаншалықты құнды бай екенін, ол тілдердің өзіндік қадір-қасиеті бар екені білді. Тілдер айлығының шеңберінде өткен мерекелік концертіміз алдына қойған мақсатына жетті.

Сонымен қатар, апталықтың жоспарына сәйкес колледжіміздегі 1-2 курс студенттерінің арасында «Менің рухани құндылықтарым» атты шығармалар байқауы өтті. Байқауға 18 студент қатысты. Олардың 8 қазақ тілінде, 5 орыс тілінде, 5 ағылшын тілінде шығарма жазды. Қорытндысы бойынша жеңімпаздар марапатталды.

20 қыркүйекте 2017 г. колледжде дәстүрге айналған ағылшын пәні бойынша мерекелік іс шара өткізілді. Студенттер мерекелік іс шарада өз қызығушылықтарын танытты.

Ең белсенді студенттер өздерінің ағылышын тілінен алған білімдерін көрсете алды. Берілген тапсырмалар мен сұрақ-жауаптарға да жылыдам жауап беріп отырды. Мерекелік іс шараға дайындық қыркүйек айының басында бастама лаған еді. Оқушылар мұғаліммен бірге алдын ала қажетте деректерді, костюмдерді, аудитоияны безендіруді ойластырды.

Сонымен қатар, студенттер ағылшын тілінен жаңылтпаштар, өлеңдер, сөзжұмбақтар шешіп, тілдерін жаттықтырды. Ағылшын тілінде ән айтып, шығыс биі биленді. Студенттер үлкен қошемет білдірді.

Колледж студенттері мерекелік шарадан үлкен әсер алып, әр тілдің қаншалықты құнды бай екенін, ол тілдердің өзіндік қадір-қасиеті бар екені білді. Тілдер апталығынң жабылуына арналған концерт алдына қойған мақсатына жетті.